weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте 90 жастағы зейнеткер жарты миллион теңгесін алаяққа ұстатып жіберген

Қарт кісіге белгісіз тұлға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған

Шымкентте 90 жастағы зейнеткер жарты миллион теңгесін  алаяққа ұстатып жіберген
Фото: Polisia.kz

Шымкентте зейнеткер алаяққа алданып, жарты млн теңгесінен айырылып қалды, – деп хабарлайды  newsroom.kz порталы Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алаяқтардың арбауына түскен Шымкенттің 90 жастағы тұрғыны. Қарт кісіге белгісіз тұлға қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, келіні жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған. Алайда мәселені белгілі сомамен шешуге болатынын және зейнеткерден ол ақшаны курьер алып кететіндігін айтқан. Туысына көмектесу үшін қарт ана алаяқтарға барлық жинап-терген қаражатын, яғни жарты млн теңгесін беріп жіберген.

Іздестіру іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушінің үйінен қолма-қол ақшаны алу үшін келген тұлғаны анықтап, ұстады. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Өз жауабында ұсталған ер адам мессенджер арқылы алған нұсқауға сәйкес әрекет еткенін жеткізді. Алған ақшаны белгілі бір шотқа аударуға келіскен ол шартты орындамай, алаяқ “жұмыс берушісін” алдап кеткен екен.

Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғаушылар азаматтарға алаяқтықтың осы түрі туралы еске салады.

– Алаяқтар өздерін полицейлер ретінде таныстырып, туысыңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлап, ал мәселені белгілі бір ақша қаражаты шешетінін айтуы мүмкін. Мұндай жағдайда бірден полицияның “102” нөміріне қоңырау шалып, ақпаратты тексеріңіз, үрейленбеңіз, әсіресе бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз, – дейді полиция қызметкерлері.


 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→