weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Киллер секілді». Түркиялық мерген Олимпиада жұлдызына айналды

Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді

«Киллер секілді». Түркиялық мерген Олимпиада жұлдызына айналды
Фото: ашықдереккөзден

 

Түркиялық мерген Юсуф Дикеч Париж олимпиадасына арнайы линзасыз қатысып, әлеуметтік желіде жұлдызға айналды, деп хабарлайды  newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

51 жастағы Дикеч аралас жұптық сында Севвал Тарханмен бірге 10 метрлік қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді. 

Өзге қарсыластарымен салыстырғанда, бұл спортшы жарықтан қорғайтын арнайы көзілдірік те, шуды басатын құлаққап та кимеген. Дикечтің құлаққап пен көзілдіріксіз, бір қолына тапанша ұстап, бір қолын қалтасына салып тұрған суреті әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Оқырман қауым оны компьютерлік ойындар мен фильмдердің кейіпкеріне теңеп жатыр. Енді бірі Түркия Олимпиадаға киллер жіберген секілді деген пікірлер қалдырған. 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→