weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Таразда жанжал кезінде ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген

Оқиға кезінде үйде балалар да болған

Таразда жанжал кезінде ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жіберген
Фото: Ernur.kz

Таразда ер адам әйеліне жанар-жағармай шашып, өртеп жіберген. Қылмыс 30 шілдеде сағат 22:59 шамасында Дальняя Қарасу көшесінде орналасқан тұрғын алабында болған,-деп хабарлайды newsroom.kz Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 30 шілде күні сағат 22:59-да Тараз қаласында Дальняя Қарасу сілемінде 100 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

"Өрт сөндіру қызметі жалынды сағат 23:32-де сөндірді. Өрт орнынан бір газ баллоны шығарылды. 1980 жылы туған әйел ауыр халде термиялық күйікпен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осы өртке қатысты жиналған құжаттар өрт сөндірушілер мекемесіне берілді. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды", – делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, отбасындағы жанжал кезінде ер адам 1980 жылы туған әйелге бензин шашып, өртеп жіберген. Әйелдің денесін күйік шалып, дер кезінде қалалық ауруханаға жеткізілген. Оның 54 жастағы күйеуі іздестірілуде. 

Көршілерінің айтуынша, ер адам бұрын сотты болып, түрмеден жақында шығыпты. Оқиға кезінде үйде балалар да болған көрінеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→