Еліміздің ірі қалаларында бүгінгі ауа райы болжамы қандай

Астанада күн ашық болмақ

Фото: Khabar.kz

Астана, Алматы мен Шымкентте 29 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 22 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с болмақ.

Астанада күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін жетіп, түнде 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,6 м/с.

Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 39 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болмақ.

Жүктелуде...