weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда кәсіподақ жұмысы талқыланды

«Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Төлеби аудандық филиалында  бүгінде 112  қызметкер жұмыс атқарады

Түркістанда кәсіподақ жұмысы талқыланды
Фото:

 

Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Төлеби аудандық филиалына  барып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қал-жағдайымен  танысты,-деп хабарлайды newsroom.kz

Жиын барысында  қатысушылар ағымдағы жылдағы салалық кәсіподақтың қызметін, сондай-ақ жұмыс берушілер  мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарын, мекемедегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша мәселелері көтеріліп,  аталған бағыттағы жұмыстар талқыланды.

    Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасып, онда бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назипа Намазоваға көп жылдық еселі еңбегі мен  кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін Түркістан облысы маслихатының Құрмет грамотасы табысталды.

   Айта кетерлігі, «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК-ның Төлеби аудандық филиалында  бүгінде 112  қызметкер жұмыс атқарады. Олардың барлығы – 100% кәсіподақ мүшелері.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→