Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі тоғыз күндік еңбек демалысын қайда өткізетінін айтыпты

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тоғыз күндік еңбек демалысына шығатынын, демалысты қайда өткізетінін айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы әкімнің Instagram-дағы жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Облыс әкімі лауазымындағы бір жарым жыл ішіндегі 9 күндік яғни 5 тамызға дейін еңбек демалысына шығудамын. Бұйыртса бұл күндерді отбасыммен, туыстарыммен және жақындарыммен өткізуді жоспарладым", - дейді әкім.