Астанада алдағы уақытта 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді

Алматы ауданында «Нұрлы жол» вокзалының аумағында инсталляция орнатылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам адам қатысады. Астананың барлық ауданында алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Дайындық аясында елорда ауқымды іс-шараның ерекшелігін бейнелейтін шағын сәулет нысандарымен безендірілген. Қаланың түрлі аумағында мүсіндер, сәндік құрылымдар мен қондырғыларды қамтитын шағын архитектуралық формалар орнатылған. Бұл элементтер көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсетеді.

Киіз үйлер, жылқылар, сондай-ақ тарихи және мифологиялық бейнелер сияқты көшпелі мәдениетке тән символизмге ерекше назар аударылады.

Түрлі инсталляциялар Нұра ауданындағы орталық саябақта, Ғашықтар саябағында, «Азия паркі» СОО жанында, «Қазанат» ипподромының аумағында орнатылады, онда бірқатар жарыс өткізіледі.

Сарыарқа ауданында теміржол вокзалында, «Театр» алаңында және «Radisson» қонақ үйінің жанында арнайы тақырыптағы шағын сәулет нысандары орнатылған.

Алматы ауданында «Нұрлы жол» вокзалының аумағында инсталляция орнатылды.

Есіл ауданында шағын сәулет нысандары «Астана-Бәйтерек» монументінің жанында, Триумф аркасының жанында, Ботаникалық бақта, желекжолда және халықаралық әуежайда орналасқан. Байқоңыр ауданында бес шағын сәулет нысаны орнатылды, тағы екеуінің орнатылуы жоспарлануда.

Жүктелуде...