Жаңалықтар

Түркістанда Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуді бастады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Талдау Мемлекет басшысының жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында жол құрылысы саласына бөлінген бюджет қаржысын жоспарлау, оны жұмсау бағыттары зерделенетін болады.

Сыртқы талдау Департаменттің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.