Түркістан облысында экстремистік материал таратқан күдікті ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: ІІМ

Түркістан облысында экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікке ілінген шетелдік ұсталды,-деп хабарлайды newsroom.kz

«Түркістан облысы полиция департаменті  әлеуметтік желілер арқылы халықаралық террористік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан радикалды діни идеяларды жақтаушы таяу шетел азаматын ұстады» деп хабарлады ІІМ.

Күдіктіні жеке тінту кезінде жедел уәкілдер заттай дәлелдемелер болатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жүктелуде...