weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болыпты

Олар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылды

Астанада мопед жүргізушісі полицейлерден қашпақ болыпты
Фото: Видеодан кадр Telegram/Polisia.kz

Патрульдік полиция экипажы Керей-Жәнібек хандар көшесінде құжаттарды тексеру үшін екі мопед жүргізушісін тоқтатты. Кейін топқа тағы бір жігіт қосылып, өзін мопедтердің иесі ретінде таныстырған,-деп хабарлайды newsroom.kz
 

Сақшылар құжаттары жоқ екенін анықтағаннан кейін, мопедтерді коммуналдық тұраққа қойып, жауапкершілікке тартпақ болған.

Алайда, олардың бірі жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, қаша жөнелген. Мамандандырылған батальон қызметкерлері қашқынды ұстап, құқық бұзушыларды полиция бөлімшесіне жеткізді. Олар полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылып, мопедтер коммуналдық тұраққа қойылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→