Еліміздің мегаполистерінің бірінде қатты жаңбыр жауады

Бүгін Алматыда қатты жаңбыр жауады деп болжанды

Фото: tengrinews.kz

Астана, Алматы мен Шымкентте 18 шілдеде ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,3 м/с болмақ. Астанада, синоптиктердің болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,2 м/с. Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанды. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін жетіп, түнде 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болмақ. 

Жүктелуде...