Жаңалықтар

Қазақстандық мобилографты Әзірбайжандық миллиардер жұмысқа алды

Əзербайжандық миллиардер Емин Агаларов танымал қазақстандық мобилограф Қыран Талапбекті өз командасына жұмысқа алды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ол желідегі стористерінде Бакудегі жаңа өмірін көрсетіп те үлгерді. Мұнда ол әйелімен бірге бизнес-класспен ұшып, керемет қала көрінісі бар сәнді пәтерге жайғасқанын салған.

Көпшілік қазақстандық мобилограф пен миллиардердің бірлескен жұмысы қалай жалғасатынын күтуде.