Жаңалықтар

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова жаңа шен алды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша елге танылған прокурор Айжан Аймағанованың қызметі көтерілді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі" сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қиыншылықтары мен артықшылықтары туралы айтады.

"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлілік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын", "Сен барлық жұлдыздарға лайықтысың", – делінген пікірлерде.