Бүгін сақ сұлуы Светлана Айтбаеваның туылған күні

Димаштың фанаттары Светлана Айтбаеваны Кейт Миддлтонға ұқсатып жатады

Фото: Facebook/ Максат Таж-Мурат

Моника Белуччидің арғы тегі сақ жұрты. Әкесі Паскуалле Белуччидің аталары Италияға ертеректе Иран мен Пәкістан арасындағы Белуджистаннан қоныс аударған иммиграттар. Сол жердегі бағзыда шығыстан көшіп келген баладж жұрты салған Балых қаласынан. Бұл туралы Мақсат Таж-Мұрат өзінің Facebook парақшасында жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

Түп ізін қуаласаң бағзы шыққан жері Қазақстанның күнгейіне барып тіреледі. Яғни бүгінгі Тараз жеріндегі Баласағұн қаласы. "Сақтар қаласы, мекені".

Мониканың шешесі Брунелла Бриганти италиялық. Моника анасынан гөрі әкесіне көбірек тартқан. Әйтеу шығыс халықтарының түр- түрпетіне көбірек келеді.

Димаштың фанаттары Светлана Айтбаеваны Кейт Миддлтонға ұқсатып жатады. Ал мен Мониканы көргендей болам. Екеуі де бағзы сақ сұлуларының бірі Балладж-Миланда, бірі Ақтөбенің Қопасында белгі беруі. 

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007) Света Айтбаева-Тілемісованың дүние есігін ашқан күні. Құтты болсын, Сақ сұлуы!

Жүктелуде...