80 жылдың кумирі Томас Андерс Шымкентке келді

«Мұз» сарайында шымкенттіктер үшін өнер көрсетеді

Фото:otyrar.kz

80-жылдары аты аңызға айналған Modern Talking тобының әншісі болған Томас Андерс Шымкентке келді,-деп хабарлайды newsroom.kz

 Өнер иесі мінген ұшақ Шымкент әуежайына дәл кесте бойынша сағат 8:00-де қонды.

Айта кетейік, Modern Talking тобының экс-мүшесі бір күн бұрын Алматыдағы Медеуде кешін өткізген болатын. Өнер жұлдызы бүгін 15 шілдеде  сағат 20:00-де «Мұз» сарайында шымкенттіктер үшін өнер көрсетеді.

Жүктелуде...