Әлем

Дональд Трампқа қастандық жасаған кім?

Сенбі күні бұрынғы президент Дональд Трампты өлтірмек болған адамның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы New York Post басылымына сілтеме жасап.

Пенсильвания штатындағы Бетел-парк тұрғыны Томас Крукс Питтсбург маңындағы Батлер көшелеріндегі митингіде оқ жаудырды.

«Крукс Butler Farm Show сахнасынан 130 ярд қашықтықта орналасқан өндірістік ғимараттың төбесінде болды», дейді дереккөз.

13 шілде күні кешке Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған болатын. Оның құлағы жарақаттанды, митингте бір қатысушы қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Атқан адамды құпия қызмет өлтірген.