weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 шілде, 2024 / Динара Сембаева / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат тапсырды

Құжат қабылдау 24 шілдеге дейін жүргізіледі

10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат тапсырды
Фото: newsroom.kz

Бүгін еліміз бойынша білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі,-деп хабарлайды newsroom.kz
 

Қазіргі таңда (сағ. 17.00) 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
 
Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→