Орал қаласында із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған үш бала табылды

Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды

Фото: Telegram/ POLISIA.KZ

Қалалық полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Олардың ең кішісі небәрі 4 жаста екендігі белгілі болды. Бұл туралы POLISIA.KZ сайты жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz

БҚО Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды автобустардың бірінен тапты. Олар басқа аймақта тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта жоғалған балалардың барлығы аналарына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Жүктелуде...