Жаңалықтар

Бес жүз домбыра жасаған шебер

Таразда екі жылда 500 домбыра жасаған шебер тұрады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алмас Байжанов өз шеберханасын былтыр ғана ашқан. Енді шәкірт тәрбиелеп, ұлттық құндылықты ұлықтамақ.

Алмас Байжанов екі жыл бұрын домбыра жасай бастаған. Алғашқыда қызығушылық туындап, кейін кәсібіне айналдырды. Сөйтіп 10 жылын арнаған энергетика саласынан қол үзіп, ұлттық аспапты жасауға ойысыпты. Ол бір жыл бұрын домбыра жасайтын шеберхана ашқан. Шағын несие алып құрылғы мен қажетті материал сатып алған. Мұнысын байқаған мықты шеберлер батасын беріпті.