weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада LRT құрылысына байланысты тамыздың аяғына дейін бір көшеде қозғалыс шектеледі

Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу съезі жабылады

Астанада  LRT құрылысына байланысты тамыздың аяғына дейін бір көшеде қозғалыс шектеледі
Фото:Orda.kz

Астанада LRT құрылысына байланысты тамыздың аяғына дейін бір көшеде қозғалыс шектеледі,-деп хабарлайды newsroom.kz  Әкімдіктің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
 

"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде LRT жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесі бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру өзгертіледі", - делінген хабарда.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, 8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін, қозғалыс жолында ішінара шектеу болады. Осыған байланысты Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу съезі жабылады. 
 

"Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→