Сүйінші! Біздің ел мен кәрістер жасанды интеллектті оқуға 100 грант бөліпті

Бірлескен білім бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз

Фото: Pixabay

Оңтүстік Кореямен бірлескен білім бағдарламасы аясында 4 мамандыққа 100 грант бөлінді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетімен (Оңтүстік Корея) бірлесіп құрған Жасанды интеллект институты төрт білім бағдарламасы бойынша 100 білім грантын бөледі.

6B01501 — Информатика — (25 грант)
6B06101 — Ақпараттық жүйелер (АИ) — (25 грант)
6B06303 — Киберқауіпсіздік (AI) — (25 грант)
6B06102 — Компьютерлік бағдарламалау және бағдарламалық жасақтама — (25 грант)

«Бірлескен білім бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Әрбір бағдарлама мамандарды даярлауға және жасанды интеллект саласында оқытудың заманауи әдістерін қолдануға бағытталған» деп хабарлады министрліктен.

Жүктелуде...