Жаңалықтар

Театрда талай жыл қызмет еткен әртіс баспанасыз қалған

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан Айымторы Тайғаринова баспанасыз қалған, – деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айымторы Тайғаринованың жасы қазір 86-да, 7 жылдан бері қарттар үйін паналап келеді.

"Үйімізді алып қойды. Мен жалғыз өзім далада қалдым. Үйімізде адвокат жігіт пәтер жалдап тұрды. Ол пәтерақы ретінде әр ай сайын 30 мың беріп тұратын. Кейін қағазға 30 мың теңге алып отырғанымды жазуды сұрады. Мен жазып бердім. Кейін пәтерім қолды болды. Ол не жасағанын, қалай жасағанын білмеймін. Ол әлгі үйді сатып алғандай болған ғой", – дейді кейуана.