Жаңалықтар

«Арабқа тұрмысқа шықтым»: Дубайдағы қазақтардың шынайы өмірі

Дубай қазақтары біз ойлағандай ауқатты ма? Бұл туралы YouTube желісіндегі “Жалғыз жолаушы” жобасының иесі Санат Ілияс айтып берді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Деректерге сүйенсек,өзге елдегі ағайындар салт-сананы ұмытпаған десек қателеспейміз.

“Шет елде болсақта қолымыздан келгенше, балаларымызды кішкентай кезінен бастап салт-дәстүрді таныстырып  келудеміз. Шет жерде болсақта атамекенімізді ұмытпаймыз”,- дейді шет елге қоныс аударған Жарқын мырза.

Айта кететін жайт, жолаушы қонақ болған қазақ шаңырағындағы үй иесі өзінің 13 көлігінің бірін шет елде жүріп-тұруға берген көрінеді. Басқа өңірдің тыныс-тіршілігіне тез үйренген ағайынның есімі - Жарқын. Жарқын мырза Дубай қаласындағы қазақы стильде салынған мейрамханалардың иесі. Ұлтымыздың дәстүрін дәріптейтін мейрамханаға қазақтар ат ізін салмай кетпейтіні белгілі болды. 

Аталмыш ақпаратта  Жарқын мырзаның жары көбіне қызық дерек айтып берді. Дубайда бала дүниеге әкелгені үшін қоныс аударған қазақтарға 20000 доллар көлемінде сыйақы берілетін көрінеді. Онымен қоса саяхатшы Араб ұлтының ер-азаматына күйеуге тиген арудан сұхбат алды. 

Шет елдік азаматтың етегінен ұстаған ару “Мұсылман болғандықтан, бізден айырмашылығы жоқ. Біздің салтқа келетін тұстары да бар. Жолдасым және оның отбасы оқыған заманауи кісілер. Жабық кинінуді талап етпейді”- дейді. 
                            
                                              Перизат Жайырбек