Жаңалықтар

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Алматы қаласының Әуезов ауданында екі қабатты ғимарат өртенді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 
 

"Осы сәтте Алматының өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы екі қабатты дүкеніндегі өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнына жеткен соң 32 минутта өртті оқшаулады", - деп хабарлады ведомстводағылар.
 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.