Жаңалықтар

Гарвардқа түскен қазақ қызы кім?

Бүгінде елімізде білім шыңын бағындырып келе жатқан арулар жетерлік. Соның біріде бірегейі Әсел Амангелді өзінің тәжірибесі мен өмір жолындағы тың ақпараттармен Динара Сатжан ханымға берген сұхбатында бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Әсел Амангелді қарапайым Арыс қаласының қызы. Білім жолындағы үлкен қадамын алғаш  Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабаылданған кезден бастау алған. Жақындары оның бұл шешімін қолдаған. Жасынан ағылшын тілін үйренуге құмар болған Әсел мектепті үздікке бітіреді. 

Талпынған тауын бағындармай қоймайтын ару Назарбаев университетіне грантқа оқуға түскен. Алайда отбасылық қиындықтарға байланысты ару  отбасының барлық шығынын өз мойнына алған. 

Айта кетелік, Әсел ағылшын тілінен дәріс өткізеді. Қазірдің өзінде 400-ге жуық шәкірті. Ал, жалпы алған 5000 шәкіртке білім берген. 

Аталмыш сұхбатта Әсел Амангелді халықаралық емтихандар бойынша және Гарвардқа қалай түскені жайлы деректермен бөлісті.   
 

                                       Перизат Жайырбек