Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанның мерейтойында автокөлік табысталды

Биыл «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық- саяси газетінің 100 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Түркістан қаласында қазақ күресінен турнир өтті. Ұлттық спорт бәсекесінің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-Бас редакторы Абай Балажан және зиялы қауым өкілдері қатысты деп хабарлайды newsroom.kz

Облыс баспасөзінің қарашаңырағы саналатын «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің қоғам үшін орны ерекше! Бұл тек ұжымның ғана емес, облыстың, қазақ баспасөзінің тойы деп ойлаймын. Өйткені өңіріміздің бір ғасырлық өмір тарихы осы газеттің әрбір бетінде сақталып тұр. Бұл басылымда бір кезеңдері ұлт қайраткерлері, мемлекет және қоғам деңгейіндегі тұлғалар қызмет атқарды. «Қазақ күресінің» Түркістан төрінде өтуі заңдылық. Аталған сайыстың осыдан 15 жылдай бұрын ауданда өткізу дәстүрі басталған болатын. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы осы шығармашыл қауымды тікелей қолдап, әрдайым қадағалап, тілеулес болып отырады. Басылымның мерейтойын осы жылы күзде Түркістанда тойлауды жоспарлап отырмыз, – деген облыс әкімінің орынбасары балуандарға сәттілік тіледі.

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директоры-бас редакторы Абай Бекназарұлы бұл сайыстың қазақ күресін халықаралық деңгейде танытып, жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу бағытында ұйымдастырылғанын атап өтті. 61 жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарыстың маңыздылығы мен мақсатына тоқталды.