Ол үш мыңға жуық дауыс жинап үлгерді. Еңбек министрі Светлана Жақыпова парламент отырысында зейнет жасын төмендетуге бола ма деген сұраққа жауап берді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Светлана Жақыпова ведомствоның стратегиялық есептеулер жүргізгенін хабарлады. Егер петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын жинап, халықпен бірге барлық пікірді ескеріп, шешім қабылдайды.
Елімізде әлі де зейнет жасын төмендетуге бола ма деген сауалға министр қазір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатқанын айтты.
"Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырудамыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдірсе, мысалы, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы, зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы бар болса, біз оларға қатысты шараларды қарастырып жатырмыз", – деп жауап берді Жақыпова