Жаңалықтар

Түркістанда жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті оның қалалық/аудандық бөлімдерінің (соның ішінде бағынысты ұйымдардың) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді,-деп хабарлайды newsroom.kz

Талдау шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің, мемлекеттік бюджеттен әртүрлі төлемдерді тағайындаудың (зейнетақы, жәрдемақы) мүгедектік деңгейі мен себептері және т.б. бағыттар зерделенетін болады.

Талдау Департаменттің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Департамент белсенді қоғам өкілдерін талдау жұмыстарына қатысуға шақырады.

Егер Сізде, аталған мекеме қызметіне қатысты жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе осы саланың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды +7702-4313013 байланыс телефонына немесе anticor13@mail.ru электронды поштасны жолдауды сұраймыз.