weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Елорда
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астана әкімдігі БАҚ өкілдері арасында байқау жариялады

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылады

Астана әкімдігі БАҚ өкілдері арасында байқау жариялады
Фото: Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылады

Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы басталады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауға қатысуға барлық қазақстандық БАҚ өкілдері шақырылады. Байқауды Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қалалық Коммуникациялар қызметі ұйымдастырады.

Астана туралы 2023 жылдың 1 маусымынан 2024 жылдың 23 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған/эфирге шыққан мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі материалдар қабылданады. Бір қатысушы конкурсқа 1 материалдан артық емес және тек бір номинация бойынша ұсына алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – елорда туралы баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;
2) «Үздік шолушы» – Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы интернет-басылымдардағы материалдар;
3) «Үздік радиорепортаж» – Астанаға арналған радиосюжеттер;
4) «Үздік телесюжет» – қала өмірі туралы телесюжеттер;
5) «Үздік мобилограф» – аэро түсірілімді қолдана отырып, мегаполис өмірі туралы бейнероликтер;
6) «Үздік фоторепортаж» – Астана туралы фотосуреттер;
7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – әлеуметтік желідегі үздік материалдарды анықтауға бағытталған. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram және TikTok) танымал топтар мен пабликтер қатысуға өтініш бере алады;
8) «Астана қаласы Маслихаты жайлы үздік материал».

Номинациялар бойынша жеңімпаздарды белгілі журналистерден, медиа-сарапшылардан және елордадағы осы саланың құрметті өкілдерінен құралған конкурстық комиссия айқындайтын болады.

Ең үздік жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады. Бірінші орын – 1 миллион теңге, екінші орын – 500 мың теңге, үшінші орын – 300 мың теңге.

Өтінімдер 2024 жылдың 23 маусымына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады: sluzhbakommunikatsiy@mail.ru.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: +7 (778) 812 25 60.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→