Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде алдағы күндері +40 градусқа дейін ыстық күтіледі

11-13 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ күшті жел соғады. Ал еліміздің батысында аптап ыстық күтіледі,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы үш күнде – 11-13 маусым аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Ең көп жауын-шашын 11-12 маусымда шығыс өңірлерде, 13 маусымда орталық Қазақстанда күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +20...+25 градусқа дейін ыстық болса, шығыс пен орталықта +22...+32 градустан +18...+26 градусқа дейін төмендейді, оңтүстікте ауа температурасы +33 ...+40 градустан +25...+35 градусқа дейін сәл төмендейді. Ал Қазақстанның батысында ауа температурасы +33...+40 градусқа дейін көтерілмек.