weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы облысында тойға жиналғандар автоматтан оқ атқан

Алматы облысының Полиция департаменті қазір оқ атқандардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады

Алматы облысында тойға жиналғандар автоматтан оқ атқан
Фото: tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде жастардың автомат пен тапаншадан аспанға оқ атып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды  newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоға қарағанда, оқиға той кезінде болған. Музыка фонында қонақтар атыс қаруынан аспанға бірнеше рет оқ атады. Жиналғандар олардың әрекеттерін телефонға түсіреді.

Алматы облысының Полиция департаменті қазір оқ атқандардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

"Алматы облысының полицейлері құқық бұзушыларды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомство.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→