weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Sportroom
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай халықаралық жүлдеге ие болды

Қазақстандық каратэші былтыр Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай халықаралық жүлдеге ие болды
Фото: kazakhstankarateteam

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатына ие болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Қазақстан каратэ федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Касабланкада (Морокко) өткен Karate1 Premier League халықаралық турнирінде Мөлдір Жаңбырбай 50 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ ол алғаш рет Grand Winner атағына ие болды. Grand Winner марапаты маусым бойы Премьер лига кезеңдерінде ең көп ұпай жинаған спортшыларға беріледі. Мөлдір Анталияда алған алтын медальді қосқанда осы маусымда барлық үш жарыста жүлде еншіледі. Еске салайық, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарған еді. Осылайша, Қазақстан тарихында тұңғыш рет каратэден әлем чемпионы болған спортшы атанды. Сонымен бірге қазақстандық каратэші былтыр Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған болатын. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→