Алматыда балалар фестивалі өтті

Фестивальдің басты мақсаты – баланың ғылымға қызығушылығын арттыру

Фестивальдің басты мақсаты – баланың ғылымға қызығушылығын арттыру. Алматыда жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін БАЛАFEST балалар фестивалы бүгін, яғни халықаралық балалар күні  - маусымның бірінде болды, - деп хабарлайды newsroom.kz.

БАЛАFEST-тің биылғы тақырыбы – Jas Galym. Шара ұлттық ғылым академиясының қолдауымен жүзеге асырылды. Шараға Астанадан мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаев та келді. Фестивальде қаланың 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Сингапурдан келген делегация қатысты. Бірнеше кезеңнен тұратын үлкен квест ойыны түріндегі фестиваль балалардың назарын ғылымға аудару үшін өтті. Фестивальде қаланың 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Сингапурдан келген делегация қатысты.

Квестің шарты мынандай болды: Бес кезеңнің әрқайсысында қатысушылар квестке тіркелу кезінде алған QR білезіктері арқылы келген ұпайды жинауға мүмкіндік алды. Әр жас санаты білезік пен тапсырмалар картасының түсіне сәйкес келеді: 6-9 жас - жасыл, 10-14 жас - сары, 15-18 жас - қызыл. Әрбір аймақта қатысушылар негізгі тапсырманы орындау үшін 1000 ұпайға дейін жетуі керек. 

Бұдан бөлек, алматылықтар мен қала қонақтары 30-дан астам интерактивті экспериментке, ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысты. Сондай-ақ, фестиваль аясында студенттер өздерінің ғылыми әзірлемелерін ұсынды.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі, Алматы қаласы Білім басқармасының “Алматы дарыны” орталығының  директоры Гүлнұр Кәрімғажының айтуынша, БАЛАFEST балалар фестивалы   2022 жылы Балалар жылы аясында бастама алған, биыл үшінші жылы өткізілуде. 

«Фестивальдің биылғы жылғы бағыты – ғылыми бағыт төрт бөлімнен тұрады: ғылым, технология, инженерия, өнер, математика», - дейді Гүлнұр Кәрімғажы. 

Паркке келген балалар ғылыми жобаны көріп, авторларымен бірлесіп жасай алады. Шарада оқушылар шеберлік сыныптарына, уоркшоптарға қатысты. Кішкентай балақайлар да назардан тыс қалмады, оларға арнайы батуттар құрылған. 1500 оқушы келеді деп жоспарланған, алайда келушілер саны анағұрлым көп болған.

Жүктелуде...