Алматыда ер адам әйелін құлдықта ұстаған

Сыныптастары оның мұндай халге түскенін білмейді екен

Фото: tengrinews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына іздеу салынған келіншектің суретін жариялап, ол жайлы деректермен бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Журналист бұған дейін Әйгерім есімді құлдықта болған келіншектің келіншектің Алматы облысындағы фазенданың бірінен қашып кеткенін хабарлаған.  "Алғашқы жазбадан кейін Әйгерімді танитын біраз адам жазды. Сыныптастары оның мұндай халге түскенін білмейді екен.  

“Кезінде анасы, өгей әкесі болған. Қалжыңпаз, ашық-жарқын қыз еді, фотодан әрең таныдық деді. Соңғы кезде ешкіммен араласпайды, басында мұндай жағдай бар екенін білмедік” дейді кластастары. “Оның керісінше әкесі жоқ, анасы бар ғой, неге сізге басқаша айтты екен?” деп таң қалды ауылдасы. “Құдай аясын, кезінде күйеуі басынан ұрып-ұрып жынды қылып тастаған. Ол қазір елес кезіп жүре береді” деді ауылдасы.  “Кезінде анасы, өгей әкесі болған. Қалжыңпаз, ашық-жарқын қыз еді, фотодан әрең таныдық деді. Соңғы кезде ешкіммен араласпайды, басында мұндай жағдай бар екенін білмедік” дейді кластастары. “Оның керісінше әкесі жоқ, анасы бар ғой, неге сізге басқаша айтты екен?” деп таң қалды ауылдасы. “Құдай аясын, кезінде күйеуі басынан ұрып-ұрып жынды қылып тастаған. Ол қазір елес кезіп жүре береді” деді ауылдасы. Полиция Әйгерім туралы деректі менен естіп, енді іздестіріп жатқанын жеткізді. Түсінгенім, әйел кезбе ауруына ұшыраған. Еш жерге тоқтамайды, үнемі артынан біреу қуып жүргендей, орын суытып кете береді. Егер Әйгерім сіздің алдыңыздан шықса, түріне емес, кебісіне мән беріңіз",- деген Гүлмира Әбіқай. 

 

Жүктелуде...