Алматыда жыл сайынғы "Ticketon Awards" марапаттау рәсімі өтті

"Қазақстанның жыл әртісі" номинациясы бойынша 1011 дауыс жинап, Садраддин жеңімпаз атанды

20 мамыр күні Алматыда Almaty Theatre алаңында жыл сайынғы "Ticketon Awards" сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Халықтық дауыс беру арқылы еліміздің заманауи мәдениеті, өнер, спорт және қоғамдық өмір саласындағы ең танымал қайраткерлер анықталған,- деп хабарлайды newsroom.kz

8 ақпаннан 11 наурыз аралығында дауыс берушілер 34 номинация мен 7 санат бойынша 300-ден астам қатысушылардың ішінен өз таңдаулыларын жасады. Әрбір қазақстандық өткен жылғы Қазақстандағы мәдениет және спорт саласына ең елеулі үлес қосқандар үшін өз дауысын бере алды. Барлығы 150 000-нан астам дауыс берілді.

"Қазақстанның жыл әртісі" номинациясы бойынша 1011 дауыс жинап, Садраддин жеңімпаз атанды. Бұл жас әртіс қазақстандықтардың жүрегін жаулап үлгерді, оның концерттеріне мыңдаған жанкүйерлер жиналады. "Жылдың концерттік гастрольдік іс-шарасы" номинациясында танымал рэп әншісі 50 Cent концерті 878 дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол өткен жылдың 28 қарашасында Алматыда "The Final Lap Tour" туры аясында өтті. Көпшілік үшін әншінің концерті ұмытылмас болды.

"Жылдың киноактері" номинациясында "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев 2647 дауыспен жеңіске жетті.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша "Жылдың киноактрисасы" кезекті номинациясына Дариға Бадықова ие болды. Актриса "Таптым-ау сені" комедиясында басты рөлді сомдады, әрі осы фильмнің продюсері.

Жүктелуде...