Жаңалықтар

Атырауда Жайықтағы су деңгейі тағы да көтерілді

Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы да көтеріліп жатыр. Үш елді мекенде су деңгейі қауіпті межеден асты,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының жедел штабына сілтеме жасап. 

Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, Жайықтағы су деңгейі 18 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым көтерілген: Индербор ауылында - 6 см, су деңгейі - 1021 см, шекті деңгейі - 845 см; Махамбет ауылында + 3 см, су деңгейі - 1011 см, шекті деңгейі - 850 см; Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі - 550 см; Жаңаталап ауылында + 2 см, су деңгейі - 412 см, шекті деңгейі - 500 см; Еркінқала ауылында + 2 см су деңгейі - 370 см, шекті деңгейі - 450 см.