Жаңалықтар

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтаған жеделхат жолдады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Туған күніңізге шын жүректен арналған құттықтауды қабыл алыңыз. Сіз мемлекет басшысы қызметінде отандастарыңыздың лайықты құрметіне және халықаралық аренада елеулі беделге ие болдыңыз. Ресей сіздің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды. Біздің достық қарым-қатынасымызды бағалаймын. Біз бауырлас Ресей мен Қазақстан халқының игілігі үшін алдағы уақытта да бірге жұмыс істей береміз. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге денсаулық, бақыт және табыс тілеймін", - делінген құттықтуда.