61 жасқа толған Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

Ол қызметінен 2023 жылдың 5 қыркүйегінде босатылды

Фото: qaz365.kz

Ұзақ жыл «Ескі Қазақстанда» билікте болған Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

«Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды», - дейді инсайдер Ербол Еділов.

Айта кетейік, 61 жастағы Тоғжанов әр жылдары түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2000 жылдардың басында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Одан кейін Әділет министрлігі Дін істері комитетінің басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін де атқарған.

2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облысының әкімі. 2020 жылдың ақпанында ол премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылдың 11 қаңтарында Президент жарлығымен ол қайтадан премьер-министрдің орынбасары болып қызметке кірісті. Ал соңғы жұмыс орны - Ақтөбе облысының әкімі. Ол қызметінен 2023 жылдың 5 қыркүйегінде босатылды.

Жүктелуде...