Жаңалықтар

Қызылордада өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

Қызылордада өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан кафеде 20 шаршы метр алаңда өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ маршымен 14 тұрғынды эвакуациялады.

Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.