Алматыда жер сілкінісі тіркеліпті

Сілкіністің магнитудасы - 5,7

Фото: alatauaudany.kz

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды newsroom.kz.

6 мамырда сағат 9.12-де жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 5.7", - делінген хабарламада.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл болып сезілген.

 

 

Жүктелуде...