Жаңалықтар

Бишімбаев:"Бір кездері мен де қызымнан айырылғанмын"

3 мамыр күні Нүкенованың ісі бойынша сотта Қуандық Бишімбаев марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, "бір кездері өзі де қызынан айырылып қалғанын " жеткізді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

"Мен кешірім күтпеймін... Бірақ жәбірленушілер тарапынан – Салтанаттың ағасынан, ата-анасынан кешірім сұраймын. Сіздерге қалай түсіндірсем екен, менің өмірім... енді ол... Мен де бір кездері қызымнан айырылдым. 23 болған кезімде менің 2  жастағы қызым бар еді, ауырып қайтыс болды. Мұны бұл жағдаймен салыстыруға келмейтінін түсінемін. Өмірімде ешкімді қасақана өлтіргім келмеген. Бірақ тағдырым солай болды. Сол үшін мен ренжітіп алған адамдардың барлығынан кешірім сұраймын. Бүкіл ел қарап отырғанын, әлем қарап отырғанын түсінемін. Менің әрекетім барлығының сезіміне қаяу түсірді", - деді Қуандық Бишімбаев.