Жаңалықтар

Қырғызстанда 29 оқушыны автобус қағып кеткен

Қырғызстанда ашық аспан астында «Манас» жырын айтып тұрған 29 оқушыны балмұздақ сататын фургон қағып кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Оқушылардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

24.kg мәліметінше, қайғылы оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Жасөспірімдер «Манас» жырынан үзінді оқып тұрған. Іс-шара барысында «Портер» жүк көлігі төмен сырғып кетіп, балаларды қағып кеткен.

Апат салдарынан орта мектептің 9 бен 16 жас аралығындағы 29 оқушысы әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуінің жағдайы ауыр деген ақпарат бар.