Аймақтар

Бүгін Атырауда Жайық 12 см-ге көтеріліпті

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 3 мамыр сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 788 см., деңгейдің +38 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 565 см құрайды.

Махамбет кентінің деңгейі 812 см., деңгейдің тәулігіне + 17 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см., қауіпті деңгейге дейін 38 см қалды. 

Атырау қаласы гидропостындағы  деңгейі 471см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 12 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 280 см құрайды. 
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 3 мамырда Иректі су қоймасынан су жіберу 141 м3/с құрайды.