weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бишімбаевтың сотында көріпкел куәлік етті

Бишімбаевты көріпкелмен анасы таныстырыпты

Бишімбаевтың сотында көріпкел куәлік етті
Фото: Жоғары сот

Қуандық Бишімбаевтың сенген көріпкелі сот отырырысында куәлік етіп жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
 
Көріпкел өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, сотта жасырын сөйлеуге өтініш білдірді. Прокурорлар бұл өтінішті қанағаттандыруды сұрады. Судья куәгердің бет-әлпетін түсірмей және жеке деректерсіз жауап алған дұрыс деп шешті.

"Сәлеметсіз бе. Біз кеше көп ішіп, сосын Салтанатпен төбелесіп қалдық", - деді. Мен жедел-жәрдем шақырып, дәрігер шақырыңыз дедім. "Ол ұйықтап жатыр, демалып жатыр, қарап беріңізші, көріп беріңізші", - деп қайталай берді. Мен оны мас екен деп ойладым. Маған ватсаптан жазғанда да мас екен деп ойладым. Мен әр хабарласқан сайын жедел-жәрдем шақыру керегін айтып, айқайладым, - дейді көріпкел.

Сондай-ақ көріпкел Қуандық Бишімбаевпен 1,5 жыл уақыт бойы таныс болғанын айтты. Оны анасы Альмира Бишімбаева таныстырған. Қуандық Бишімбаев көріпкелге ай сайын хабарласып, кәсібі мен өміріне байланысты сұрап отырған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→