Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялықнауқаны аясында Астанада вандализмге қарсыбағытталған «Тоқта, вандал!» акциясы өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары, аудан әкімдіктерінің және қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күресбасқармасы қызметкерлері, мәслихат депутаттарықолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жәнеқала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіружұмыстары жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін қасақанабүлдіру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды.
«Вандализм қоғамның мүлікке зияны тигізуі ғанаемес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіретінін ескерген жөн. Бұлакция қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеуді, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігінаттыруды насихаттайды. Жалпы әрбір азамат қалатазалығына немқұрайлы қарамауы қажет. Әсіресежастар вандализм әрекеттерінің алдын алып, таза әріқауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысқаны дұрыс», - деді елорданың Жастар саясаты басқармасыныңбасшысы Самат Ибраев.
«Тоқтал, вандал!» акциясы қалада дәстүрлі түрдеволонтерлердің қатысуымен өтеді. Оның аясындақоғамдық орындарда рейд өткізіледі. Бұл туралыАстана қаласы Полиция департаментінің есірткіқылмысына қарсы күрес басқармасының бөлімбастығы, полиция подполковнигі Сергей Ильиных кеңірек тарқатты.
«Саябақтар, аулалар, көшелердегі мүліктібүлдіретін бұзақылық әрекеттердің алдын алубойынша тұрақты негізде бас қалада рейд өткізіліп, алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оныңбарысында сондай-ақ есірткіні жасырын, бүркемелепнасихаттауға тырысатын көше жарнамаларыжойылады. Нашақорлардың көбейе түсуіне есірткінітаратушы мен сатушылардың, насихаттаушылардыңүлесі мол. Олар билборд, пилон сияқты жарнамақұрылғыларын да, граффити сызбаларды да астыртынпайдаланып, «ұн, «тұз», «кір жуу ұнтағын» сатамыз» деп жалған жарнама беретіні анықталып отыр. Аталмыш әрекеттер үшін жарнама берушілер 2019 жылдан бері Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынанайырылады. Соңғы кездері оған жасөпірімдертарапынан қызығушылық байқалады. Сондықтаросындай рейд не акция барысында жастарға түсіндіружұмыстары жүргізіледі. Оларға есірткі қылмыстарыүшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастанбасталатынын ескертеміз», - деді С.Ильиных.
Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақанасындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқатартылды.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келгенжағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. Вандализмнің алдын алу жұмыстарықалалық прокуратура мен полиция департаментініңүйлестіруімен жүргізіледі.