weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астана мектептеріне белгісіз біреу шабуыл жасамақ болыпты

Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды

Астана мектептеріне белгісіз біреу шабуыл жасамақ болыпты
Фото: Астана қаласы ПД

Телеграм арналардың бірінде әлдебіреудің Астана мектептеріне шабуыл жасайтыны туралы жазба тарады деп хабарлайды newsroom.kz.

Аноним Telegram-арнада автор 19 сәуірде "мектептерге басып кіріп, балаларды өлтіретіні" туралы айтып, жұртты шошытқан. Аноним автор жазбаға қарудың да суретін салып қойған.  

“Ертеңді күту ғана қалды. Мен сендерді ешқашан ұнатпадым. Түкіргенім бар... Бәріңнің өмірлеріңді қиямын” - деп жазған белгісіз адам.  

Астана қаласының полиция департаменті жазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ осы сипаттағы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлады.  

“Естеріңізге сала кетейік, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру көзделген” - деп жазды Астана қаласының полиция департаменті. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→