Жаңалықтар

Астанада мектепте 4-қабаттан 8-сынып оқушысы секіріп кетіпті

Елордада сегізінші сынып оқушысы мектеп терезесінен секіріп кетті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оқиға №72 мектеп-лицейде болған. Оқушы көптеген дене жарақаттарын алған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды, бала ауруханада. Зардап шегушінің миы шайқалған, кеудесі мен іші жарақаттанған, оң жақ білегі мен оң аяғы сынған. Жалпы жағдайы тұрақты және ауыр деп бағалануда (алған жарақаттарына байланысты). Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында, – деп елорданың білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.