weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бишімбаевтың сотында алқа бидің біреуі ауысты

Сот процесі жалғасуда

Бишімбаевтың сотында алқа бидің біреуі ауысты
Фото: Астана соты баспасөз қызметі

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сот процесі басталмай тұрып алқа билердің бір мүшесі ауысты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Алқа билердің бір мүшесі денсаулығына байланысты сот отырысына қатыса алмайды. Мұндай жағдайда заң бойынша оның орнын қосалқы алқа би мүшесі алмастыруға тиіс. Бұл ретте қосалқы алқа би мүшесі өз орнына жайғасып, сот процесі жалғасын тапты.

Бишімбаевтың адвокаттары сот отырысына қатыса алмаған алқа би мүшесінің денсаулығында кінәрат бар екенін дәлелдейтін құжаттарды сұрады. Сот хатшысы тиісті қағаздарды көрсетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→