weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойыпты

Бишімбаевтың адвокаттары сот залына кешігіп кепті

Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойыпты
Фото: informburo.kz

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында судья екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

11 сәуірдегі сот отырысына Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов қана қатысып отыр. Судья қалған екі адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынованы сотқа кешігіп келгендігі үшн кіргізбеген.

Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Үзіліс жарияланған кезде олар сотқа қосыла алады, - дейді судья. 

Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова судьядан бүгінгі отырысты сағат 10.00-ге ауыстыруға рұқсат сұраған еді, алайда судья оның өтіншін қабылдамады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→