Жаңалықтар

Су басқан өңірде әкім орынбасары неге Тойота салонда жүр?

8 сәуір әлеуметтік желілерде Атырау қаласы әкімдігінің қызметкері А.Ибрагимов «ТОЙОТА»центр автосалонында жұмыс уақытында көлік қарап жүргеніне қатысты бейнежазбасы таралған болатын. Алайда, Атырау облысы Әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев бұны жоққа шығарды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында А.Ибрагимов қала әкімі аппараты іс басқармасының теңгеріміндегі «ТОЙОТА» автокөліктерін жөндеуге қою үшін қосалқы бөлшектерді қарап жүрген уақытында блогер Р.Баязиев қуып жетіп, бейнежазбаға түсірген.

Аталған видеодағы қызметкер ақпараттағы айтылғандай әкім орынбасары емес. А. Ибрагимов 2024 жылдың қаңтарынан бастап Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының бас маманы лауазымында жұмыс жасайды. 

Аталған блогер ақпаратты бұрмалау арқылы провокация жасаған.